«Қазақстан темір жолының» бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген

«Қазақстан темір жолының» бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәскеу - Нұр-Сұлтан және Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде», делінген хабарламада. 

Компанияның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да коронавируспен ауырған ешкім жоқ.