Фото: ұйымдастырушылардан
Ливанның Джуния қаласында өткен ММА бойынша Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Биылғы IMMAF-2025 біріншілігіне құрлықтың 20 елінен 400-ден аса спортшы қатысып, тартысты дода өтті. Қазақстан құрамасы тағы да жоғары нәтиже көрсетіп, қатарынан 11-рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Біріккен Қазақстан ММА федерациясының ресми аккредиттелген құрамасы бұл сынға 37 спортшымен қатысып, оның 31-і жүлдемен оралды.
Жасөспірімдер (14–15 жас)
Алтын медаль иегерлері:
-
Ілияс Бақытжан (52 кг)
-
Берік Айдын (57 кг)
-
Темен Жанділда (62 кг)
Жасөспірімдер (16–17 жас)
Чемпиондар:
-
Мия Горадзе (52,2 кг)
-
Руслан Қайыржанов (61,2 кг)
-
Руслан Мамедов (74,8 кг)
Жүлдегерлер:
-
Карим Нурусов — күміс
-
Еркебұлан Исламғали — қола
-
Егор Ященко — қола
Жастар (18–20 жас)
Алтын медаль иегерлері:
-
Аида Абылаева (52,2 кг)
-
Камилла Ким (56,7 кг)
-
Егор Желтов (56,7 кг)
-
Әлішер Ақбақытов (70,3 кг)
-
Эмирхан Ораз (74,8 кг)
-
Дінмұхаммед Қуанғалиев (+97 кг)
Сонымен бірге жастар командасы 2 қола жүлде жеңіп алды.
Ересектер
Азия чемпиондары:
-
Матильда Бачурина (52,2 кг)
-
Адэль Махаметова (61,2 кг)
-
Мөлдір Әшірбекова (74,8 кг)
-
Димаш Жақсылық (52,2 кг)
-
Самғат Шабдан (70,3 кг)
-
Диас Өсер (83,9 кг)
Ересектер құрамасында — 4 күміс және 4 қола медаль.
Жалпы нәтиже
-
Жасөспірімдер құрама — 3-орын
-
Жастар командасы — 1-орын
-
Ересектер командасы — 1-орын
Осылайша, Қазақстан ММА құрамасы Азия чемпионатында 11-рет қатарынан үздік атанып, құрлықтағы көшбасшылығын тағы бір дәлелдеді.
Сонымен қатар, Егор Желтов (Қарағанды) пен Адэль Махаметова (Алматы облысы) — үш дүркін Азия чемпионы, ал Матильда Бачурина (Ақмола облысы) мен Самғат Шабдан (БҚО) — екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Грузияда өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын.