Қазақстан қоржынына үшінші алтын! Ибрагим Нұрмаханұлы финалда қарсыласын қапы қалдырды

Қазақстан қоржынына үшінші алтын! Ибрагим Нұрмаханұлы финалда қарсыласын қапы қалдырды
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды. Пара дзюдодан J2 санатында сынға түскен Ибрагим Нұрмаханұлы финалда Өзбекстан спортшысын жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды ult.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Ғаббасов Қазақстан құрамасына Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын әкелген еді. Ал пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев 192 келіні көтеріп, жарыстың жаңа рекордын орнатты. Осылайша, ол Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшылардың жеңісті жолы жалғасып, ел құрамасының жүлделер қоржыны тағы бір алтынмен толықты.