Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ІІМ-нің әскери-тергеу құрылымы тергеп жатыр.
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысына қызметтік міндеттерін орындау кезінде салғырттық танытты деген айып тағылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиғаға дейін Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметін Қанат Ниязбеков атқарған. Оның әскери атағы — 1-сыныпты капитан.
Қылмыстық істің тергелуі жалғасып жатыр.