Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте жаңа тағайындаулар болды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте жаңа тағайындаулар болды

ҚР Президентінің Өкімімімен бірқатар лауазым иелері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.