Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.   


«Қанат Ислам мен Норберто Гонсалестің салмақ өлшеуі өтті. Барлығы ойдағыдай. Ертең азанда «Қазақстан» арнасын 6:00-де қосып, Қазаққа жанкүйер болыңыздар!», деп жазды ол.  

Сондай-ақ, Жанқош Тұраровтың да салмақ өлшегені туралы пікірін қалдырды.  

«Қазақтың батыры Жанқош Тұраров та салмақ өлшеу рәсіміннен сәтті өтті. Дайындығы керемет. Жеңіс күтіңіздер!», - делінген желідегі парақшасында.  

Еске сала кетейік, Қанат Ислам өзінің кезекті жекпе-жегін 26 мамырда Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өткізеді. Оның қарсыласы - мексикалық Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО). Бұл жарысқа бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулдары тігіледі.  

Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесінде мексикалық Густаво Гарибаймен қолғап түйістіреді.