Қазақстанда Jetour T2 моделінің жаңа Explorer жиынтықталымы пайда болды. Негізгі өзгеріс – 8 сатылы автоматты беріліс қорабы. Бұл модель үшін маңызды жаңалық, өйткені T2 бастапқыда саяхатқа, алыс маршруттарға және overland форматына негізделіп жасалған.
T2 өздігінен жаңа модель мәртебесінен әлдеқашан шықты. Бұған әлем бойынша сатылған 500 000 автомобиль көрсеткіші дәлел бола алады. Бұл модельдің танымалдылығын ғана емес, оған деген сенімді де көрсетеді. Мұндай көрсеткіштің артында әрдайым тұрақты сұраныс, сатып алушылардың мойындауы және автомобильдің ұзақ мерзімді перспективада өзектілігін дәлелдегені тұрады. Jetour T2 үшін бұл жай ғана сатылымдағы жетістік емес, толық қалыптасқан модельдің белгісі. Бұл – өз аудиториясы бар, танымал әрі танылатын автомобиль. Оны опциялардың абстрактілі жиынтығы үшін емес, бейнесі мен мақсаты үшін таңдайды: жоғары клиренс, толық жетек, батыл силуэт және жолсыз жерде сенімділік.

Explorer нұсқасында осы негізге мұндай форматтағы автомобиль үшін шынымен маңызды болатын мүмкіндіктер қосылды. Мұнда толық өлшемді қосалқы дөңгелек пайда болды. Жүксалғышта енді 12В және 220В розеткалар бар. Бұл қала сыртындағы шынайы өмірге арналған мүмкіндік: техниканы қуаттау, жабдықтарды қосу, автомобильді тек көлік ретінде емес, бүкіл саяхат инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде пайдалану.
Сондай-ақ жайлылыққа қатысты айтарлықтай жаңартулар енгізілген. Алдыңғы жолаушы үшін электрлі аяқ тірегі (оттоманка), ал жүргізуші үшін орындық массажы қарастырылған. Барлық орындықтар, соның ішінде артқы қатар да, арқалығы мен отырғышын жылыту жүйесімен жабдықталған, ал алдыңғы жолаушы орындығында баптауларды сақтау функциясы бар. Отбасының барлық мүшелерінің денсаулығына қамқорлық жасау үшін PM2.5 сүзгілеу жүйесі мен ауа ионизаторы қосылған.
Жаңа нұсқадағы ең бастысы да осы шығар. Jetour T2 Explorer бұрынғыдай өз мінезі мен рөлдегі еркіндік сезімі үшін бағаланатын автомобиль болып қала береді. Ол өзін жиі таңдайтын сценарийге – әрбір жүріп өткен шақырымнан эмоция мен әсер сыйлайтын сапарларға бұрынғыдан да жақсы дайындалған.
Ал барлық жаңартулармен танысу үшін Қазақстан бойынша орналасқан Jetour ресми дилерлік орталықтарында тест-драйвқа жазылып, үлкен Jetour Qazaqstan отбасының бір бөлігіне айналыңыз!
Толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан біле аласыз.