Ішкі істер министрлігі ведомстволық оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ult.kz.
ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау – ІІМ-нің жоғары оқу орындарына конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек. Алайда бұл талапкердің оқу орнына автоматты түрде қабылданатынын білдірмейді.
ІІМ оқу орындарына қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Бұл ретте ҰБТ нәтижесімен қатар талапкердің:
- медициналық;
- физиологиялық;
- психофизиологиялық іріктеу нәтижелері де ескеріледі.
Үміткер белгіленген барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс қорытындысы бойынша жеткілікті көрсеткіш жинауы қажет.
Сондықтан ІІМ оқу орнына түскісі келетін талапкерлер үшін 50 балл – соңғы мақсат емес, конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек. Мүмкіндігінше жоғары балл жинап, іріктеудің барлық талаптарына сай болу маңызды.