Елордадағы Abu Dhabi Plaza кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Елордадағы Abu Dhabi Plaza кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Астанадағы Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені биылғы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімет таратты. 

Нысан Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің бойында орналасқан. 

Жер көлемі - 4, 4613 гектар. 

«Abu Dhabi Plaza» - Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен саналады. Ол аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған. 

Ішіндегі ең биік мұнараның ұзындығы - 311 метр, 75 қабаттан тұрады. 

Онда кеңселер мен тұрғын үй пәтерлері орналасады. 

«Нысан биылғы жылдың соңында пайдалануға беріледі» деп мәлім етті басқарма.