Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«16 сәуір күні сағат 21:06-да елорданың 101 пультіне «Отандастар» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Дереу оқиға орнына жеке құрамнан 14 адам және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 3 өрт сөндіруші көлігі жіберілді. Төтенше жағдай қызметкерлері барып жеткен сәтте 1-6 қабат аралығында қабырға жабындысының астындағы жылу сақтағыш материал өртеніп жатқаны анықталды» делінген хабарламада. 

Мәліметке сай, 21:43-те өрт ауыздықталып, 21:48 толық сөндірілді. Жалын 40 шаршы метр жерді шарпыған. 

Сондай-ақ, подъезден 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жапа шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.