Елімізде бірқатар дзюдо жарысы кейінге шегерілді

Елімізде бірқатар дзюдо жарысы кейінге шегерілді

Қазақстан дзюдо федерациясы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дзюдодан өтетін бірқатар жарыстың шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда:

- 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;

- 4-7 сәуір күндеріне жоспарланған Павлодар қаласындағы ҚРЕСЖ Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирі кейінге шегеріледі;

- 18-19 сәуір Алматы қаласында жоспарланған Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтпейді.