Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 11 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 11 адам қайтыс болды

23 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 733 адам анықталды, 191 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 9 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.

Сейсенбі күні Алматы қаласында - 88, Шығыс Қазақстан облысында - 71, Қостанай облысында - 67, Солтүстік Қазақстан облысында - 64, Атырау облысында - 62, Алматы облысында - 49, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 34, Маңғыстау облысында - 18, Жамбыл облысында - 12, Қызылорда облысында - 8, Ақтөбе облысында - 8, Шымкент қаласында - 6, Түркістан облысындаадамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері 148 708 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 133 510 адам жазылды. 2 209 адам қайтыс болды. Covid ­өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 22 желтоқсанға дейін 44 795 адам шалдыққан, 481-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, 23 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 863 адам короновирус инфекциясынан (12 989 КВИ+ және 11 874 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 239 адамның жағдайы ауыр; 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.