Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды. Үш зерттеу орталығының сауалнамасы бойынша бес партияның Құрылтайға өту мүмкіндігі жоғары, деп хабарлайды ult.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еуразиялық интеграция институтының Exit poll нәтижесі:
- «Әділет» – 71,8%
- «Ауыл» – 6,4%
- Respublica – 5,4%
- «Ақ жол» – 5,1%
- ЖСДП – 5,2%
- «Қазақстанның халық партиясы» – 3%
- «Байтақ» – 1%
- «Барлығына қарсымын» – 2,1%

Ал «Социс-А» қоғамдық пікірді зерттеу орталығының дерегінше:
- «Әділет» – 70,7%
- «Ауыл» – 6,4%
- Respublica – 5,5%
- «Ақ жол» – 5,4%
- ЖСДП – 5%
- Қазақстанның халық партиясы – 3,2%
- «Байтақ» – 1,2%
- «Барлығына қарсымын» – 2,6%.

Қоғамдық саясат институтының экзитполында партиялардың көрсеткіші мынадай:
- «Әділет» – 72,3%
- «Ауыл» – 6,2%
- Respublica – 5,2%
- «Ақ жол» – 5,1%
- ЖСДП – 5%
- Қазақстанның халық партиясы – 2,8%
- «Байтақ» – 0,9%
- «Барлығына қарсымын» – 2,5%.
Осылайша, үш экзитпол нәтижесінде де «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП партияларының көрсеткіші парламентке өту межесінен жоғары болып отыр.
Экзитпол халықаралық стандарттарға сай әдістеме бойынша сауалнама түрінде жүргізілген.
Айта кетейік, экзитпол нәтижелері – алдын ала мәлімет. Құрылтай сайлауының нақты қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.