Freedom Inside '26

Екі ай бойы жоспарлаған: 18 жастағы жігіт досымен бірге әкесін өлтірді

Екі ай бойы жоспарлаған: 18 жастағы жігіт досымен бірге әкесін өлтірді
Фото: freepik

Ресейдің Липецк облысында студент өз әкесін өлтіруді екі ай бойы жоспарлаған. Ол жақын досынан көмек сұрап, мәйітті жасыруға көмектесуін өтінген. Тергеу нұсқасы бойынша, Артём әкесіне пышақ жұмсаған, ал Дима оқ атқан, деп хабарлайды ult.kz kznews.kz сайтына сілтеп. 

Life дерегінше, Липецк техникалық университетінің 18 жастағы студенті Артём әкесін қатыгездікпен өлтіру жоспарын көптен бері ойластырып жүрген. Оның досы Дима да көмектесуге келіскен. Екеуі қару сатып алып, оны атыс қаруына ұқсатып қайта жабдықтаған, сондай-ақ пышақ алған.

22 мамыр, жұма күні шамамен сағат 17:00-де Алексей есімді ер адам ұлын жатақханадан алып кету үшін келген. Алайда көлікке Артём досымен бірге отырған. Жолға шыққаннан кейін шамамен 20 минут өткенде, жігіттер көлік ішінде ер адамға шабуыл жасаған. Ер адам қарсылық көрсеткенімен, Дима оған бірнеше рет оқ атқан, ал Артём пышақ сұққан.

Кейін олар марқұмның денесін жолдан шамамен 500 метр жердегі орманға апарып тастаған. Көлікті сол маңда қалдырған. Дима үйіне кеткен, ал Артём жатақханаға оралған.

Іздеу жұмыстары кезінде тергеушілер Димадан жауап алған. Ол қатты қобалжып, колледжде тәжірибеде болғанын айтып өтірік айтқан. Алайда кейін бәрін мойындаған. Артём сәл кейінірек ұсталды. Жауап алу кезінде ол қылмысына өкінбейтінін, керісінше, тез әшкере болғаны үшін жоспарының нашар құрылғанына қынжылатынын айтқан.

Қазір істі өңірлік прокуратура мен Тергеу комитеті қарап жатыр.

Күдіктілер бұрыннан таныс болған. Екеуі Спешнево-Иванковское ауылында өсіп, бір сыныпта оқыған. Мектепті бітіргеннен кейін әртүрлі оқу орындарына түскен, бірақ сабақтан бос уақыттарында кездесіп тұрған.