Freedom Inside '26

Дауылдан қорыққан бала желідегілерді күлкіге қарқ қылды (ВИДЕО)

Дауылдан қорыққан бала желідегілерді күлкіге қарқ қылды (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Ақтөбеде болған алапат дауыл кезінде кішкентай бүлдіршіннің анасынан қорқып: «Өлеміз бе?» деп сұраған сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Кеше қалада шамамен сағат 13:30-да қатты жел соғып, найзағай ойнап, қысқа уақытқа созылған нөсер жаңбыр жауды. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен.

Күшті дауылдың салдарынан қалада ағаштар тамырымен құлап, кейбірі тұрғын үйлер мен көліктердің үстіне түсті. Сондай-ақ бірқатар аудандарда электр жарығы өшіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.