Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы туралы айтты

Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы туралы айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Дархан Мұсаев НТК телеарнасындағы «Не дейді?» бағдарламасында бұрынғы жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ажырасқаннан кейін жанына батқаны - бұрынғы сезімі емес, көңілінде қалған өкпе. Ол экс-жұбайының өзіне жасаған әрекетіне налығанын жеткізді.

"Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесіліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын", - деді Дархан Мұсаев.

Актер өмірінде ауыр қаза көргенін де еске алды. Ол 16 жасында анасынан айырылғанын айтып, жеке өміріндегі өзгерістерге бола өзін күйзеліске түсіргісі келмейтінін түсіндірді.

"Мен 16 жасымда анамнан айырылған адаммын. Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын", – деді ол.

Сұхбат барысында Мұсаев бұрынғы жұбайына қатысты желіде тараған ақпараттардан хабардар екенін де айтты. Алайда олардың өзін толқытпағанын жеткізді.

"Әлеуметтік желіден көрдім. Соқырдың өзі көретіндей тарап жатыр ғой. Ешқандай сезімде болған жоқпын", – деді актер.

Айта кетейік, Олжас Абайдың экс-жары жазбасымен ойландырып қойды.

Дариға Бадықова кім? 


Дариға Бадықова - қазақстандық актриса әрі продюсер. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Көрерменге «Келінжан» телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы кеңінен танылды. Кейін осы сериалдың желісімен түсірілген толықметражды фильмдерде де ойнады.

Актриса «Қазақша бизнес» фильмдеріндегі Мақпал бейнесімен де көпшілікке таныс. Оның шығармашылығында комедиялық рөлдер ерекше орын алады. Сонымен қатар «Хотя бы в кино» фильміне түсіп, осы жобада продюсер ретінде де жұмыс істеді.