Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жазба жариялады

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жазба жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында домбырамен терме орындаған видеосын жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол жазбасында терменің адамға ой салып, көңілде жүрген сезімді жеткізе алатынын айтты.

"Терме - қазақтың ойға батырар бір құралы. Айта алмай жүрген дүниеңді дөп басып, жүрегіңе жеткізеді. Кейде бір ауыз терме өзің айта алмаған талай ойды айтып береді. Тыңдаған сайын өткеніңді саралап, бүгінгіңе ой жүгіртіп, ертеңіңе жауапкершілікпен қарауға шақырады", — деп жазды Мұсаев.

Алайда, ел оның қолындағы домбыраға назар аударды. Домбырада "Дариға" деген жазу бар екені анық көрінеді. 
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай сәби күткен жұптың арманын орындауға көмектесті. 

Дариға Бадықова кім?

Дариға Болатқызы Бадықова – қазақстандық актриса әрі кинопродюсер. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма және режиссура» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында Болат Атабаевтың «Ақсарай» музыкалық театрында өнер көрсеткен.

Көрерменге «Қазақша бизнес» фильмдеріндегі, «Гудбай, мой бай!» және «Хотя бы кинода 2» комедияларындағы рөлдері арқылы танылды. Кейін продюсерлікке бет бұрып, «Таптым-ау сені» киножобасын қолға алды. Бұл фильмде актер Олжас Абаймен бірге басты рөлдерді сомдады.