Баян Алагөзова дін туралы жазбасынан кейін сынға қалды

Баян Алагөзова дін туралы жазбасынан кейін сынға қалды
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі дін тақырыбындағы жазбасынан кейін оқырмандардың сынына ұшырады, деп хабарлайды ult.kz.

Продюсер Threads платформасында дінге және о дүниеге қатысты жеке көзқарасын ашық білдірген. Ол діни насихаттан шаршағанын айтып, өзін тозақпен қорқытудың қажеті жоқ екенін жазды.

Алагөзованың пікірінше, жұмақ пен тозақ туралы айтылған тұжырымдарды нақты дәлелденген ақпарат ретінде қабылдамайды.

Сондай-ақ ол исламдағы жұмаққа қатысты кең тараған «72 пәк қыз» туралы түсінікке мысқыл аралас пікір білдіріп, осыған байланысты риторикалық сұрақ қойған.

Продюсердің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбір оқырман оның сөздерін дін ұстанатын адамдарға құрметсіздік деп бағаласа, енді бірі оның жеке пікірін ашық айту құқығын қолдады.