Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Министрлік қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына көңіл білдіріп, жоғалғандардың аман-есен табылуына үміт артатынын жеткізді. Сонымен қатар жараланған әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Бұған дейін Каспийдегі қайғылы жағдайға байланысты Ресей, Қырғызстан және Түркия да Қазақстанға көңіл айтқан.