Астанада құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты

Астанада құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Астанада салынып жатқан Salman City тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Құрылыс краны құлап, оны басқарған оператор көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 27 тамызда сағат 16:30 шамасында Қазыбек би көшесі, 41/1 мекенжайында болған.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде кран құлаған. Соның салдарынан оператор ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Дәрігерлер ер адамның алған жарақаттары өмірге сәйкес келмегенін айтып, оның қайтыс болғанын анықтаған.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, кранның құлау себептері мен жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.