Астанада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазына арналған мурал салынды

Астанада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазына арналған мурал салынды


Елордада паражүзуден әлем кубогінің жеңімпазы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Сиязбек Далиев – паражүзуден Азия мен Еуропа чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы. 

Ол биыл «Токио-2021» олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды. 

Сиязбек тек спортшыларға ғана емес, өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр. 

«Мурал «Toyota Motor Kazakhstan» компаниясы және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған - суретшілер Аяулым мен Айбек Нурбековтар отбасы» делінген хабарламада.

Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы 189-көше, 5-үйдің қабырғасына салынған.