Астанада KeshYou концерті кезінде фан-аймақта төбелес болды

Астанада KeshYou концерті кезінде фан-аймақта төбелес болды
instagram.com/bayanmaxatkyzy

Астанада KeshYou тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт кезінде фан-аймақта екі ер адам төбелесіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан екі ер адамның алдымен сөзге келіп, кейін төбелескенін көруге болады.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазір жанжалға қатысқандардың жеке басы анықталып жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.

«Тексеру нәтижесі бойынша жанжалға қатысқандар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген полиция хабарламасында.

KeshYou тобының 20 жылдығына арналған концерт 19 қыркүйекте Астанадағы «Барыс Аренада» өтті.