Астанада бір топ жасөспірім бес мектеп оқушысын соққыға жыққан. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Ата-аналардың айтуынша, оқиға 10-11 маусым күндері елордадағы аудандардың бірінде болған. Бір топ жасөспірім бес баланы кезек-кезек ұрып-соққан. Сонымен қатар әлеуметтік желіде балалардың бірін соққыға жыққан сәт түсірілген бейнежазба тарады.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталған. Олардың бір-бірімен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.