Freedom Inside '26

Ақтөбеде жас жігіт найзағай соққысынан қаза тапты

Ақтөбеде жас жігіт найзағай соққысынан қаза тапты
ашық дереккөз

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмның өліміне найзағай соғуы себеп болған, деп хабарлайды ult.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

— 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша, өлім атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғу салдарынан) болған, — делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тұрғын үй ауласында балаға тоқ соққан оқиға тіркелген еді.