Америкада білім алып жүрген қазақ жастары шаңырақ көтерді

Америкада білім алып жүрген қазақ жастары шаңырақ көтерді

Америкадағы ҚР елшілігінде қазақстандық жас жұбайлар некесін қиды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елшілікке сілтеме жасап. 

«Бүгін Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та білім алып жүрген Бақыт Бұрғымбаев пен Гүлсім Дәркенбаева ерлі-зайыпты атанып, неке қиды. Жас отау иелеріне аманшылық пен бақыт тілейміз» делінген елшіліктің Facebook  парақшасында.