Алматыда «Жетісу» қонақ үйі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.
Әзірше Абылай хан даңғылы, 55 мекенжайындағы ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны белгілі. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. ТЖД өкілдері қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

