Freedom Inside '26

Алматыда трансформаторлық станция өртенді: өрттің жоғары дәрежесі жарияланды

Алматыда трансформаторлық станция өртенді: өрттің жоғары дәрежесі жарияланды
Түркістан обл. әкімдігі

Алматыда трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде нысанда ашық жалын байқалып, өрттің күшейіп бара жатқаны анықталған. Осыған байланысты оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрттің жоғары дәрежесі бойынша күштер мен құралдар жұмылдырылды.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, көбік пен су қолданылған.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде ашық жалын сөндіріліп, өрт оқшауланды.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.