Алматыда науқастарды ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу тоқтатылды

Алматыда науқастарды ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу тоқтатылды

Алматыда науқастарды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірінші медициналық-санитарлық көмек ұйымдары профилактикалық қарауларды, жоспарлы стоматологиялық қарауларды, медициналық оңалту шараларын, оқушылардың денсаулығына қатысты шараларды, медициналық-психологиялық қарауларды, құжаттарды медициналық әлеуметтік рәсімдеуді тоқтатты. 

Бұл карантин шараларының ұзақтығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болып тұр.