Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды


Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні «101» пультіне Бостандық ауданы, Бұқар жырау 27/5-ге көшесіндегі көпқабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:43-те келді. Олар 13-ші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады, өртке қарсы шаралар қолға алынды»,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Алдын ала ақпарат бойынша өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.