Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шықты: бір адам зардап шекті

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шықты: бір адам зардап шекті
Ашық дереккөзден

Алматы халықаралық әуежайында техникалық қызмет көрсету кезінде FlyArystan ұшағында өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ult.kz.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, өрт шағын аумақта болған. Әуежайдың жедел қызметтері оқиға орнына дереу жетіп, жалынды сөндірген.

Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан шығарылған.

Өрт болған сәтте ұшақ бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.

Қазір әуе кемесінің қаншалықты зақымданғаны анықталып жатыр. Қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды.