Алмат Сақатов депутат болуға қатысты ойын ашық айтты (ВИДЕО)

Алмат Сақатов депутат болуға қатысты ойын ашық айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Алмат Сақатов депутат болуға қатысты ойын ашық айтып, бұл қызметке әзірге өзін лайық санамайтынын жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Актердің айтуынша, соңғы кезде әлеуметтік желі қолданушылары оған «Неге депутат болмайсыз?» деген сұрақты жиі қоя бастаған. Дегенмен ол депутаттық – жай ғана мәртебе емес, үлкен білім мен жауапкершілікті талап ететін қызмет екенін айтты.

«Депутат болу – ойыншық емес. Ол үшін ең алдымен елді жан-тәніңмен сүю керек әрі заңдарды жетік меңгеру қажет. Менде соның біреуі бар шығар, бірақ екіншісі жоқ. Халықтың мұң-мұқтажын түсінемін, алайда оны қалай шешу керегін нақты айта алмаймын. Әрине, мұның бәрін қызмет барысында үйренуге болатын шығар. Бірақ депутат болатын адам елдің қамын бәрінен биік қоятын, халықтың тұрмысын жақсартудың жолын білетін, жұрты үшін аянбай еңбек ететін азамат болуы керек», – деді ол.

Алмат Сақатовтың бұл пікірі қоғамда танымал тұлғалардың саясатқа келуі жиі талқыланып жатқан кезеңде айтылды. Соңғы уақытта өнер мен шоу-бизнес өкілдерінің депутаттыққа келуі туралы пікірлер көбейгенімен, актер мұндай қызметке кәсіби дайындық пен халық алдындағы зор жауапкершілік басты талап екенін ерекше атап өтті.