“Аллаға аманаттап тастағанмын”: Дархан Мұсаев экс-жарының тойы туралы айтты

“Аллаға аманаттап тастағанмын”: Дархан Мұсаев экс-жарының тойы туралы айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың жаңа өмірі мен тойына қатысты ойын айтты. Ол НТК арнасындағы “Не дейді?” бағдарламасында өткен қарым-қатынасына байланысты ренішін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

“Опасыздық жасаған адамды ұмытпайды екенсің. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, маған иттік жасағанына налыдым. Аллаға аманаттап тастағанмын”, – деді актер.

Дархан Мұсаев сұхбат барысында кино саласындағы жұмысына да тоқталды. Оның айтуынша, түсіретін фильміне қатысуға ниет білдірген кейбір актерлер кастингтен өтуден бас тартқан. Осыдан кейін ол Қазақстан бойынша ашық кастинг жариялауға мәжбүр болғанын айтты.

Айта кетейік, Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы туралы айтты.

Дариға Бадықова кім? 
 

Дариға Бадықова – қазақстандық актриса. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Көпшілікке “Келінжан” телехикаясындағы мінезі өткір, сөзге шебер Айсара рөлі арқылы кеңінен танылды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. “Махаббат кафесі” сияқты отандық фильмдерге түсіп, комедиялық образдарымен көрермен ықыласына бөленген. Сұхбаттарында кейіпкерлерін сомдау кезінде импровизацияға жиі жүгінетінін айтқан.