Әлем халқының 12,2 миллионнан астамы коронавирус жұқтырған

Әлем халқының 12,2 миллионнан астамы коронавирус жұқтырған

Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 12,2 млн адамнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Джонс Хопкинс университетінің 10 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 барлығы 12 млн 230 мың 251 адамнан анықталды. 554 291 науқас қайтыс болған. 

Індетті жұқтырғандар саны ең көп 10 елдің тізімі: 

АҚШ – 3 112 252 

Бразилия – 1 755 779 

Үндістан – 767 296 

Ресей – 706 240 

Перу – 316 448 

Чили – 306 216 

Ұлыбритания – 289 154 

Мексика – 282 283 

Испания – 253 056 

Иран – 250 458 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында мәліметтер 9 шілде, сағат 14.48-де жаңаланған. Оған сәйкес, әлемде COVID-19 індеті 11 874 226 адамнан анықталған. 545 481 науқас өмірден өткен.