Алаяқтардың қақпаны: петропавлдық 1,1 млн теңгесінен айырылып қала жаздады

Алаяқтардың қақпаны: петропавлдық 1,1 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
kaspersky.ru

57 жастағы петропавлдық Telegram арқылы танысқан алаяқтардың сөзіне сеніп, 1,1 млн теңгесін криптовалютаға инвестиция ретінде аудармақ болған, деп хабарлайды ult.kz.

Сауда үйінде кезекшілік атқарған полицейлер оның күмәнді әрекетін байқап, ақшаны аудармауға көндірді. Осылайша тұрғынның қаражаты сақталды.

Полиция интернеттегі «оңай табыс» туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырды.