Айжұлдыз Айдарбекова екінші перзентінің туған күнін атап өтті

Айжұлдыз Айдарбекова екінші перзентінің туған күнін атап өтті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші перзентінің туған күнін атап өтті. Оның ұлы Санат бір жасқа толды, деп хабарлайды ult.kz.

Санат 2025 жылғы 10 қазанда дүниеге келген. Айжұлдыз бен жұбайы Сәкен Қағаров сәбиге Санат есімін қойғанын сол кезде әлеуметтік желіде хабарлаған еді. 

Айжұлдыз ұлының есімін таңдауға ерекше мән бергенін айтқан. Ол анасы Жанар мен үлкен ұлы Назардың, жұбайы Сәкен мен кіші ұлы Санаттың есімдері өзара үйлесетінін атап өткен. 
Айта кетейік, Жанар Айжанова үйлену тойында берілетін тортқа шүйлікті.

Жанар Айжанова кім?

Жанар Айжанова - танымал әнші, айтыскер және актриса. Ол 1968 жылғы 6 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген.

1995 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген. Өнер жолында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында және “Адырна” фольклорлық-этнографиялық ансамблінде еңбек еткен. Әншілікпен қатар кино мен телехикаяларға түсіп, актриса ретінде де танылды.

Жанар Айжанова — актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекованың анасы. Қызының Назар және Санат есімді екі ұлы бар. Әнші немерелері туралы әлеуметтік желіде жиі айтып, отбасындағы қуаныштарымен бөліседі.