20 жастағы қыздың өлімі: күдікті ұсталды

20 жастағы қыздың өлімі: күдікті ұсталды
Polisia.kz

Абай облысының Бородулиха ауданында 20 жастағы қыздың қазасына қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Бородулиха ауылында болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.

Тараптар материалдармен танысып болғаннан кейін іс қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жолданады.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 20 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмған. Бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.