16 қазан күні Қазақстанда жел соғып, жаңбыр жауады

16 қазан күні Қазақстанда жел соғып, жаңбыр жауады

16 қазан күні Қазақстанда екпінді жел соғып, жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Көкшетауда тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.

Қостанайда 16 қазан күні күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде. Желдің екпіні – 18 м/с.