14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін қатынайды

14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін қатынайды

14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Иә, ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдік балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты», - деді ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков.