25 ақп, 2019 сағат 14:54

Жеңіс Қасымбек вице-премьер болды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. 

Депутаттар  Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қызмет еткен болатын.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

Наградалар: «Құрмет» (2007 ж.) және «Парасат» ордендері (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.) және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдері (2015 ж.).