21 ақп, 2019 сағат 10:49

Димаш пен Данэлия Американы тағы да таңғалдырды (Видео)

Американың The World's Вest байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланды. Отандастарымыздың екеуі де үшінші турға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші турда Димаш Құдайберген сахнаға ұлттық нақыштағы алтын түстес костюм киіп шықты. Отандасымыз Селин Дионның All by myself композициясын орындады.

"Жұлдыз туды", - деді әділ қазылар алқасының мүшесі, актер Ру Пол.

Екінші кезеңде Димаштың қарсыласы монах қызы Кристина болды. Кристина Бразилияда қайырымдылықпен айналысқан, кейін монах қыздардың діни қауымына кірген.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Кристина 39, ал Димаш 94 балл жинады.



Cондай-ақ, Қазақстан атынан бағын сынап жатқан жас дарын Данэлия Төлешова да CBS телеарнасындағы The World"s Best дарындылар шоуының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

"Жекпе-жектер" кезеңінде қазақстандық әнші оң қолы жоқ екеніне қарамастан музыкалық аспапта шебер ойнайтын жапон скрипкашысы Манами Итомен сайысқа түсті.

Төлешова сахнада әйгілі Деми Ловатоның Stone Cold композициясын орындады, Данэлия бұған дейін осы әнмен "Дауыс. Балалар. Украина" байқауының әділ-қазыларын таңғалдырған еді.

"Вокаль ғажайыбы" атанған Данэлия 71, ал қарсыласы  60 балл алды.