25 ақп, 2019 сағат 16:03

Руслан Дәленов - Ұлттық экономика министрі

 Ұлттық экономика министрілігіне жаңа басшы келді.

"Руслан Ерболатұлы Дәленов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын" делінген Елбасы жарлығында.

Руслан Ерболатұлы 1975 жылғы 8 ақпанда туған.

1999 жылы Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара  университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1999 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы.

2002 жылғы наурыздан 2002 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Талдау және болжамдау басқармасының бастығы. 

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы.

2003 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.

2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.

2005 – 2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2008 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2017 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдары, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Астананың 10 жылдығы», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».