Актер Олжас Абай Instagram парақшасында кейінгі он жылдағы ішкі ізденісі туралы жазып, өмірге деген көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Дариға Бадықованың күйеуі жұртқа жақсы көрінуден гөрі, өмір заңдылықтарын түсініп, өзін тануға мән беретінін жеткізді.
“Қарап отырсам, соңғы 10 жылда тек өзіммен күресіп келеді екем, жақсы болып көріну үшін емес өмір заңдылығын дұрыстап түсіну үшін, әліде өзімді зерттеудемін… Бұрын өзімді өзгертуге тырыссам, қазір түсінуге тырысам”, – деп жазды актер.
Олжас Абай бұл ойына не себеп болғанын нақтыламаған. Жазбасын өзінің суретімен бірге сториске жариялаған.

Айта кетейік, Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы туралы айтты.
Олжас Абай кім?
Олжас Абай – қазақстандық актер, әнші және продюсер. Музыка тыңдармандарына “Очоу” деген сахналық есімімен таныс. Оның репертуарында “Бағдаршам”, “Сенбейсің”, “Бомба” әндері бар. Өнер иесі сұхбаттарында актерлікті шығармашылығының негізгі бағыты санайтынын айтқан.
Көрермен оны “Хотя бы кинода 2”, “Таптым-ау сені” фильмдері арқылы таниды. Дариға Бадықовамен бірнеше жобада бірге жұмыс істеген. Екеуінің шығармашылық әріптестігі кейін жеке өмірдегі қарым-қатынасқа ұласқан. 2026 жылғы қазанда олардың отбасын құрғаны туралы ақпарат жарияланды.