Қазақстанда ұсталған рэпер Navai босатылып, Ресейге ұшып кеткен – БАҚ

Қазақстанда ұсталған рэпер Navai босатылып, Ресейге ұшып кеткен – БАҚ
ашық дереккөз

Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша ұсталған рэпер Navai (Наваи Бакиров) уақытша ұстау изоляторынан босатылды. БАҚ мәліметінше, өнер иесі Ресейге ұшып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Mash басылымының хабарлауынша, бұған дейін рэпер Тараздағы тергеу изоляторынан аудандық уақытша ұстау изоляторына ауыстырылған. Кейін ол босатылған.

Еске салайық, бұған дейін Navai Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша ұсталғаны хабарланған еді. Мәліметтерге сәйкес, одан марихуана табылған. Осыдан кейін музыкант Тараздағы изоляторға қамалып, алдағы концерттері тоқтатылған.

Алайда рэперге қатысты қылмыстық іс әлі тоқтатылмаған. Mash мәліметінше, оған елден шықпау туралы қолхат та берілмеген.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, тергеу изоляторының қызметкерлері рэпердің босатылатынын алдын ала білмеген. Тиісті қаулы оларға кейінірек түскен.

Криминальный Казахстан telegram арнасының жазуынша, Жамбыл облысы Полиция департаменті өнер иесінің босатылғанын растады. Сондай-ақ оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.

«Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескеріліп, іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, рэпердің кепілмен қамаудан босатылғаны хабарланды.