#
#
Сейсенбі 24/01/2017

Қанат Ислам Канеломен жұдырықтасуы мүмкін

  • 11.01.2017
  • 0
  • 351

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін. 

Fightnews.com порталының жазуынша, Қанат пен "Канело" WBO белбеуіне таласады. Жекпе-жек 6 мамырда Техастағы «Даллас Ковбойз» стадионында өтуі мүмкін. Жерлесіміз WBO рейтингінде бесінші сатыда тұр.

Қанат "Қазақ" Ислам бірінші орта салмақта "WBA Fedelatin" және "WBO Intercontinental" чемпиондық белбеулерінің иегері. Ал Альварес бүгінге дейін 48 кездесу өткізіп, біреуінде тең түскен, бір мәрте жеңіліске ұшыраған. Мексикалық боксшы биылғы жылы қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен жұбырықтасуы мүмкін деген болжам бар. Әзірге нақты ақпарат белгісіз.

"Ұлт ақпарат"

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар