#
#
Дүйсенбі 23/01/2017

Қанат Ислам екі бірдей чемпиондық атақты жеңіп алды

  • 29.10.2016
  • 0
  • 11877

"Алматыда өтіп жатқан бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жетті", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы раундта қос боксшы бірін-бірі зерттеп, осал тұстарын бағамдап көргенмен, кездесудің қалған бөлігі жерлесіміздің басымдылығымен өтті. Бірінші нөмірмен жұдырықтасқан боксшымыз Аллотейді бұрыштан-бұрышқа тықсырып, сәт сайын өз шабуылы мен жойқын соққыларын үдете түскен. Әйткенмен ганалық баһадүр кездесудің соңына дейін шыдас беріп, лайықты қарсылық таныта алды. 

Осылайша, "Қазақ" бүгінгі жеңісінің арқасында WBA Fedelatin және WBO Intercontinental алтын белбеуін иеленіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам бүгінге дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Ол алдынғы кездесуінде WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалған. Бұл оның кәсіпқой рингте қол жеткізген алғашқы және әзірше жалғыз белбеуі болған еді. Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен: 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Кездесулерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үшеуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста "Улы жебе" деген лақап атқа ие.

Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшының да салмағы 68 келіні көрсеткен болатын.

Ұлт порталы

Теги: Қанат Ислам, Патрик Аллотей, Канат Ислам, бокс, Алматы, видео, фото

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар