22 там, 2025 сағат 15:42

Жетісуда 35 тонна дән тиеген фура аударылып қалды

Жетісу облысында полиция қызметкерлері тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Көлік Алматы – Өскемен автожолында аударылып кеткен. Оқиға салдарынан жолға 35 тонна күнбағыс тұқымы төгілді.

Инцидент «АКЛ» базары маңындағы бір қиылыста болған. Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізуші солға бұрылу кезінде рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жүк көлігін қайта тіктеп, төгілген өнімді қайта тиеуге жәрдемдесті. Жүргізуші алған көмегі мен жедел әрекеті үшін полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.