Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
Биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында Алина Райкова Универсиада чемпионы атанса, тағы бір жерлесіміз Галина Вишневская күміс жүлдеге ие болды.
Бұл сында қола жүлде украиналық Надилла Велькинаға бұйырды. Сондай-ақ төртінші, бесінші орынды қазақстандық биатлоншылар Дарья Усанова мен Елизавета Вельченко өзара бөлісті.
Тағы бір айта кететін жайт, жаңа ғана конькимен жүгіруден 1500 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова қола жүлдені қанжығасына байлады.
Жерлестеріміз жалыкомандалық есепте 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен үшінші орынға көтерілді.