12 сәу, 2021 сағат 11:04

Тоқаев: Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – шешімін табуы тиіс стратегиялық міндет

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет» деп жазды Президент.

Айта кетейік, бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.