Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Әлиев "Алтын Қыран" орденімен наградталсын", - делінген Президент Қаулысында.