14 сәу, 2026 сағат 11:41

TikTok-та Наурыз: 40 мыңнан астам видео жарияланды

Фото: ашық дереккөз

TikTok платформасында қазақстандықтар Наурыз мерекесінің алғашқы аптасында #наурыз хэштегімен 40 мыңнан астам бейнеролик жариялаған. Жалпы мерекеге қатысты контент саны 300 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл TikTok Наурызды төртінші жыл қатарынан кең көлемде атап өтіп, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Астана мен Алматы әкімдіктерінің қолдауымен LIVE эфирлер фестивалін ұйымдастырды. Танымал креаторлар ел өңірлеріндегі мерекелік атмосфераны тікелей эфирде көрсетті.

Платформада ұлттық билер, этно-образдар, мерекелік серуендер мен дастарқан көріністері кеңінен таралған. Сонымен қатар Наурызға қатысты контент шетелде де танымал бола бастаған.

TikTok өкілдері бұл үрдіс мерекенің цифрлық кеңістікте жаңаша сипат алып, мәдени құндылықтарды кең аудиторияға танытуға ықпал етіп отырғанын атап өтті.